Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас әйелі Жұлдызбен жаңа видео жариялады

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/kair_n

Әнші Қайрат Нұртас желіде келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімовамен жаңа видео жариялады. Оқырмандар ерлі-зайыптының бірге жүргеніне қуанып, оларға жылы лебізін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайрат Нұртас әйелімен түскен бейнежазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Онда ерлі-зайыпты қол ұстасып, Көктөбеде серуендеп жүргенін көруге болады.

Сондай-ақ әртіс келіншегін құшақтап тұрған суретін де жариялап қойды.

"Сіздерге қайырлы түн тілейміз. Еуропада кездескенше", - деген жазба қалдырды ол.

Желі қолданушылары Қайрат пен Жұлдызды бірге жүргеніне қатысты пікірін жаудырды. Көпшілік ерлі-зайыптының татуласып, бірге уақыт өткізе бастағанына қатты қуанған.

"Екеуіңді бірге көрген нағыз бақыт", "Бақытты болыңыздар. Жұптарыңыз ажырамасын", "Енді өмір бойы осылай қол ұстасып өтіңіздер", "Махаббат түбі бәрін жеңеді", "Қатты қуанып тұрмын. Екеуіңіз бір-біріңіз үшін жаралған жандарсыздар", "Осы суретті ұзақ күттік", "Енді мәңгі бірге болыңдар", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972157-qairat-nurtas-aieli-zuldyzben-zana-video-zariyalady/

pixel