Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет ұлының бес жасқа толған туған күнін атап өтті (видео)

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет ұлының бес жасқа толған туған күнін атап өтті. Ол перзентінің туған күніне орай арнайы мерекелік шара ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақбота Сейітмағамбет баласының туған күнін оңтүстік астанадағы мейрамханалардың бірінде атап өткен. Әнші оның ішін көк түсті шарлармен безендіріп, қонақтарға кең дастархан жайған.

Ибраһимнің бес жасына оның барша досы мен анасының құрбылары келген. Қонақтар туған күн иесін құттықтап, оған сыйлықтарын тарту етті.

Ақбота Сейітмағамбет балалардың уақытты көңілді өткізуі үшін арнайы аниматор мамандарын шақыртқан.

Одан бөлек әнші туған күн иесіне арнайы торт әзірлеткен.

Айта кетерлігі, перзентінің қуанышында жұлдызды әкесі Дәурен Айдарқұлов көрінген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972226-aqbota-seiitmagambet-ulynyn-bes-zasqa-tolgan-tugan-kunin-atap-otti-video/

pixel