Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Еркебұлан Тоқтар фильмге түсу үшін шашын бояп тастады (фото)

Опубликовано:

Еркебұлан Тоқтар
Фото: Instagram/erkebulan_toktar

Отандық жас актер Еркебұлан Тоқтар жаңа фильмдегі рөлі үшін күрделі өзгерістерге келісті. Өнер иесі шашын сары түске бояп тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еркебұлан Тоқтар имиджін өзгерткенін Instagram парақшасында жария етті. Ол сары шашпен түскен суретін бөлісіп, барша жанкүйерлерін таңғалдырды.

Оған қоса актер бұл өзгеріске рөл үшін барғанын айтып, өзін қатты сөкпеуін өтінді.

"Жаңа фильмде жаңа образ, қатты сынамаймыз. Түсірілім бір аптада бітеді, бұрынғы шашыма қайтып келемін. Керісінше, қолдау көрсетіңдер", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Еркебұлан Тоқтардың бұл шешіміне қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оның жұмысына түсіністікпен қараса, енді бірі қатты сынап тастаған.

"Алға, тоқтама, қарама ешкімге інім. Сенің өте дұрыс азамат екеніңді білеміз", "Жарасады екен", "Бір апта шыдаймыз", "91 тобына бесінші адам келеді дегенді естіп едім. Сіз емес па?", "Ұят жағдай. Мен мүлдем келіспес едім", "Шашың осы күйі қалып кетпесін", "Бұл не тірлік? Түк жарасып тұрған жоқ", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972263-akter-erkebulan-toqtar-filmge-tusu-usin-sasyn-boyap-tastady-foto/

pixel