Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні Billboard чартының үздік ондығына кірді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайбергеннің "О’кей" атты жаңа композициясы Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадының ТОП-10-ына енді. Бұл туындыны Димаш үшін Игорь Николаев пен Игорь Крутой арнайы жазған.

Димаштың "О’кей" атты жаңа композициясы Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадында 8-орынға ие болды. Одан бөлек, әншінің "Fly Away" әні 22 апта бойы үздік 10 ән қатарынан түспей тұр, деп хабарлайды Dimashnews.

Димаштың "Fly Away" композициясы алғаш рет Billboard — Hot Trending Songs жаңа чартына 2021 жылдың күзінде енді. Ол кезде әртістің жанкүйерлері Twitter-де премьераны қызу талқылап, фотосуреттерді, GIF-файлдарды, әннің сілтемелерді бөліскен.

Billboard чарты
Скриншот: dimashnews.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972371-dimas-qudaibergennin-zana-ani-billboard-cartynyn-uzdik-ondygyna-kirdi/

pixel