Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген екі әжесімен бірге қажылықта жүр (фото, видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Белгілі әнші Димаш Құдайберген екі әжесімен бірге Мекке қаласына қажылыққа аттанды. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қасиетті мекеннен фото мен видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алланың қалауымен Меккедеміз. Осы қасиетті мекенге жетуімізді нәсіп еткен Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік. Мен әжелерімді осы сапарға әкелуді көптен армандадым. Бүкіл әлемде бейбітшілік болып, жер бетіндегі барлық адамдар бақытты болсын", - деді белгілі әнші.

Бұны көрген өнер иесінің тыңдармандары пікірлерін жарыса жазды. Олардың көпшілігі жасаған құлшылығының қабыл болуын тілеген.

"Алла қабыл етсін, бауырым", "Алла сені әрдайым қорғасыз", "Нағыз азамат екенсің. Сендей немересі бар әжелерің бақытты", "Қайда жүрсең де аман бол", "Алла бар тілегіңді қабыл етсін", "Мұсылманның бір парызын орындап жатыр екенсің. Шын жүректен құттықтаймын", - деді олар.

Өнер иесінің аталған жазбасы аталған уақытта үлкен танымалдылыққа ие болып, 190 мыңға жуық лайк жинады. Сонымен қатар пікір қалдырғандардың саны 10 мыңнан асып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972629-dimas-qudaibergen-eki-azesimen-birge-qazylyqta-zur-foto-video/

pixel