Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзгеше саяхатым басталды": Әуелбекова Түркияда қалай демалып жатқанын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова Түркия еліне демалысқа аттанды. Өнер иесі бұл саяхаты басқалардан өзгеше екенін атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мөлдір Әуелбекова шетелде жүргенін Instagram желісінде жазды. Эстрада жұлдызы өз парақшасында түрлі фото мен видео жариялап, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.

Ол Стамбул қаласының әсем жерлерін аралап, алған әсерін бөлісті. Әншінің сөзінше, алғаш рет топтық турмен саяхатқа шыққан. Әзірге бәрі әртістің көңілінен шығуда.

"Өзгеше саяхатым басталды. Екі күн болды ғой Стамбулда қыдырып жүргеніме. Өмірімде бірінші рет осындай аралап көрсететін топтық турмен келдім. Топтық турдың рахатын айтып жеткізе алмаймын. Тек сөмкемді жинадым да әуежайға келдім.

Басқасының бәрін ұйымдастырушылар жасады. Әнші болғаным үшін емес, әр клиентін солай еркелетеді екен бұл компания. Топпен жүргеннің тағы бір пайдасы - бәрі көңілді сондай. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналып, танысып, түрлі эмоция бастан кешіріп жатырмыз", - деп жазды Әуелбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972681-ozgese-sayaxatym-bastaldy-auelbekova-turkiyada-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-foto-video/

pixel