"Алланың маған арнап жаратқан жігіті бар шығар": Ерке Есмахан жеке өмірі жайлы айтты
Опубликовано:

Әнші Ерке Есмахан қалың көпшілікке жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Өнер иесі бүгінде қарым-қатынасы жоқ, басы бос екенін айтты. Алайда ол болашақта сүйіктісін кездестіретініне сенімді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ерке Есмахан Instagram желісінде сұрақ-жауап ашып, оқырмандарын қызықтырған сауалдарға жауап берді.
Желі қолданушыларының басым көпшілігі әртістің жеке өмірі жайлы білгісі келді. Олар әншіден бүгінде сүйіктісінің бар-жоғын сұрады.
Эстрада жұлдызы әзірге ғашығын кездестірмегенін айтты.
"Сұрақтардың 90 пайызы осы. Басым бос! Алланың Еркеге деп жаратқан бір түйір жігіті бар шығар. Туған шығар, менен кейін болса да. Күтейік", - деді Ерке.

Оған қоса оқырмандар өнер иесіне "қызы" туралы сұрақ қойды. Ерке Есмахан бұл сауалға әзілмен жауап берді.
"Иә, ұлым бар. Ал қызым әзірге папасымен бірге жүр. Бұйырған күні келіп қалар", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972706-allanyn-magan-zaratqan-bir-tuiir-zigiti-bar-sygar-erke-esmaxan-zeke-omiri-zaily-aitty/