Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегейдің қызы әкесіне ән арнап, елдің ыстық ықыласына бөленді (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей қызымен
Видеодан кадр: Instagram/abai_begei

Әнші Абай Бегей желіде қызымен түскен видеосын жариялап, елді сүйсіндірді. Желі қолданушылары әкесі мен қызына тамсана қарап, оларға жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абай Бегей ерекше отбасылық видеосын Instаgram парақшасында бөліскен. Онда әнші қызының көпшілік алдындаәкеге арналған әнді орындап жатқанын көруге болады.

Бір сәтте перзенті жұлдызды әкесін қолынан ұстап, оны ортаға алып шықты. Жиналған қонақтар оларға тәнті болып, өз қошеметін аямады.

Желі қолданушылары да әкесі мен қызына қызыға қарап, оларға ыстық ықыласын білдірді.

"Қандай керемет сәт", "Сымбат, жарайсың. Әркез осылай әкеңнің қолынан ұстап, қолдау болып жүре бер", "Қандай әсерлі видео. Жылағым келіп кетті", "Әні керемет. Ата-ана үшін осыдан асқан бақыт бар ма?", "Бақытты болыңыздар. Отбасылық қуаныштарыңыз көбейе берсін", "Қалың көпшілікке үлгі болар жанұя", "Өте әсерлі шығыпты. Тіпті көзіме еріксіз жас келді", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972775-abai-begeidin-qyzy-akesine-an-arnap-eldin-ystyq-yqylasyna-bolendi-video/

pixel