Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: dimashnews.com

Биыл 29 маусым-8 шілде аралығында Джакартадағы Индонезия Республикасының ұлттық кітапханасында "Димаш: Қазақстанның алтын дауысы" атты көрме өтпек, деп хабарлайды Dimashnews.com.

Аталмыш іс-шараны Димаш Құдайбергеннің индонезиялық фан-клубы Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігімен және Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Индонезиялық Dears бұл мүмкіндікке қатты қуанды. Өйткені бұл көрменің арқасында Индонезия халқы Қазақстанның мәдениетімен және Димаштың дауысымен танысады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы достықты нығайта түседі.

Көрмеде Қазақстанның керемет сұлу табиғатының фотосуреттері, сондай-ақ жергілікті Индонезиялық суретшілер жасаған түрлі өнер туындылары ұсынылады.

Сонымен қатар, көрменің бірінші күні кітапхананың бас залында Димаштың концерттерінің көрсетілімі өтеді.

Іс-шара барлық ниет білдірушілер үшін тегін және ашық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973066-indoneziyada-qazaqstan-men-dimasqa-arnalgan-korme-otedi/