Абай Бегей дәл туған күнінде дүниеге келген жиеніне есімді өзі қойды
Жарияланған күні:
Әнші Абай Бегей бірер күн бұрын ғана дүние есігін ашқан жиенінің есімін өзі қойды. Өнер иесінің қызы үшінші перзентін дәл әкесінің туған күнінде өмірге әкелген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қызының үшінші сәбиіне есім таңдау мәртебесі бұл жолы Абай Бегейге бұйырыпты. Эстрада жұлдызы жиеніне Томирис деген есім берген.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
"Аллаға сансыз шүкірліктер мен мақтау мадақтар болсын. Менің туған күнімде (31.05) дүние есігін ашқан жиен немереміздің есімін қою маған бұйырған екен!
Томирис қызымыз темірдей мықты, қайратты, иманды, ибалы болсын деп тілеймін", - деп жазды әртіс.
Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегейдің қызы әкесінің туған күнінде үшінші сәбиін дүниеге әкелгенін жазған болатынбыз.
Ерке Ниязқұлова екі ұлдан кейін күйеуіне қыз баланы өмірге әкелген. Отағасы болса, келіншегіне су жаңа көлікті тарту еткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973101-abai-begei-dal-tugan-kuninde-duniege-kelgen-zienine-esimdi-ozi-qoidy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.