Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас кенже ұлымен шетелде демалып жатыр (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас ұлымен
Фото: Instagram/kair_n

Әнші Қайрат Нұртас кенже ұлы Ханмен бірге Черногория еліне аттанды. Бұл мемлекетте бірнеше күннен бері әртістің әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова демалуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайрат Нұртастың Еуропаға саяхаттап кеткені туралы Instagram желісінен белгілі болды. Ол кенже баласымен фото және видео жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанын бөлісті.

Әкесі мен ұлы теңізде шомылып, әсем жерлерді аралап жүр.

"Черногорияда бала қарап жүрген бір қазақ жоқ. Рахаттанып жүрмін. Ешкім танымайды. Қазақтар бар екен. Бір суретке түсіп алдық. Ақтөбеге сәлем", - деді әнші.

Айта кетерлігі, осыдан бір апта бұрын Қайрат Нұртас келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімовамен фото жариялап, оған "Еуропада кездескенше" деген үндеу жолдаған болатын.

Ертеңінде Жұлдыз Әбдікәрімова Черногория еліне жеткенін хабарлап, бұл мемлекетте он күндей болатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973107-qairat-nurtas-kenze-ulymen-setelde-demalyp-zatyr-video/

pixel