Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шектен шықпаңыздар": Түсіпбаева оқушылардың орамал тағуына үзілді-кесілді қарсы шықты

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаева оқушылардың мектепке орамал тағып баруына қатысты өз пікірін білдірді. Өнер иесі бұл жайтқа түбегейлі қарсы екенін ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Меруерт Түсіпбаева қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қарсы екенін Instagram парақшасында жеткізді. Ол азулы жазба жариялап, оқушылардың орамал тағуын не себепті қолдамайтынын түсіндірді.

"Мектепке оқушының орамал тағып баруына мен қарсымын! Әлі тұлға ретінде қалыптаспаған, ақ пен қараны, оң мен солды ажырата алмаған жас баланың ертеңгі күнін ойлайықшы. Қазақстан - зайырлы мемлекет. Осы бағыттан, ұрпағымыздың болашағы үшін айырылмайық. Адаспайық!

Онсыз да таза, пәк балапандарды тұмшалап, сана-сезімін уламайық. Баланың балалығы болсын. Мектепте оранбай-ақ, асыр салып жүгірсін, ойнасын! Есеюге үлгереді.

Орамалды қазақтар қыз бала ұзатылып, өзге босағаны аттағанда ғана таққан. Ат құлағында ойнаған қазақ қызы, көбінесе ерке, еркекшоралау болып өскен.

Ата-бабамыздың салып кеткен сара жолымен жүрсек, жаман болмаймыз. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. Шектен шықпаңыздар. Жауапқа тартыласыздар. Өз ойым, өз пікірім", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі педагог Аятжан Ахметжанұлы мектептерде орамал тағуға рұқсат беру мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973273-sekten-syqpanyzdar-tusipbaeva-oqusylardyn-oramal-taguyna-uzildi-kesildi-qarsy-syqty/

pixel