Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз біргеміз": Қайрат Нұртас отбасына қатысты тарап жатқан қауесеттерге нүкте қойды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/kair_n

Әнші Қайрат Нұртас желідегі отбасы туралы айтылып жатқан қауесеттерге нүкте қойды. Өнер иесі келіншегімен ажыраспағанын айтып, бүгінде екеуі бірге екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында Қайрат Нұртаспен түскен видеосын жариялап, ел болжамын жоққа шығарды. Аталмыш бейнежазбада әнші әйелімен бірге екенін ашып айтып, оған деген сезімін білдірді.

"Қайрат, Будваға қош келдіңіз! Көргеніме өте қуаныштымын. Жиі келіп тұрыңыз, мен енді осында тұрамын", - деп әзілдеді видеода Жұлдыз.

Ал Қайрат Нұртас өз кезегінде келіншегі жай ғана қалжыңдап тұрғанын айтты. Сөзінше, әйелі Будвада тұрмайды. Ерлі-зайыптылар бірге Қазақстанға қайтпақ.

"Олай, көп ойнай берме. Біз біргеміз. Жаным, мен сені сүйемін", – дейді әнші камераға. 

Айта кетейік, бүгінде жұлдызды жанұя Черногория елінде демалуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973793-biz-birgemiz-qairat-nurtas-otbasyna-qatysty-tarap-zatqan-qauesetterge-nukte-qoidy/

pixel