Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Мұқанова: Димаш адамдарға әннен сәуле шашып, жылулық сыйлап жүр

Опубликовано:

Мөлдір Мұқанова мен Димаш Құдайберген
Фото: Instagram/moldir.mt

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова желіде Димаш Құдайбергенмен түскен суретін бөлісіп, оған деген құрметін білдірді. Сөзінше, Димаш күллі әлемге өз талантымен жылулық сыйлап жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында Димашқа жазба арнап, ақ тілегін жолдады.

"Күн жер бетіне қалай сәуле шашып, адамзатты жылулыққа бөлесе, Димаш та талантымен барша әлемнің адамдарына әннен сәуле шашып, жылулық сыйлап жүрген әнші. Күн көлеміндей талант иесіне амандық тілеймін", - деп жазды ол.

Оның сөздерін барша желі қолданушылары қолдап, Димаш жайлы өз ойларын айтты.

"Әмин, өмір жасы мен жүрер жол ұзақ, шығар тауы биік, талмас қанат берсін Димаш баламызға", "Димашты көрсек жүрегіміз жыли түседі. Нағыз күніміз осы бала", "Сөздеріңізбен толықтай келісемін. Димаш қазаққа біткен біртуар тұлға", "Көз тимесін. Аман болсын", "Не деген керемет тілек. Қосыламыз", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов Димашпен түскен видеосын жариялаған болатын. Онда тума талант әзілкештің келіншегіне ерекше сәлемдемесін жолдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973825-moldir-muqanova-dimas-adamdarga-annen-saule-sasyp-zylulyq-syilap-zur/

pixel