Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бастысы өзіме рахат": Жасұлан Базарбаев салмақ тастағанын сынға алғандарға жауап берді

Опубликовано:

Жасұлан Базарбаев
Фото: Instagram/jbazarbaev

Әнші Жасұлан Базарбаев артық салмақтан арылған соң өзін мақтағандармен қатар сынға алушылар да көбейгенін жасырмады. Өнер иесі бұл өзгерісін жақтырмаған жандарға желіде жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жасұлан Базарбаев ел не десе де, қазіргі қалпы өзіне қатты ұнайтынын жеткізді. Әнші артық салмақ тастағаннан кейінгі түр-келбетін ұнатпаған оқырмандарына Instagram парақшасында жауап берген.

"Жалпы кейбір адамға ұнай беру қиын мәселе ғой. Біреулер басың дәу болып қалыпты деп жатыр. Бастысы өзіме рахат. Бұрын ойлайтынмын, осы адамдар аяғын айқастырып неге өзін қинайды деп, сөйтсем рахат екен ғой. Сосын "қырыңнан тұр" деген сөзде маған бір түрлі естілетін. Себебі өзімнен қыр емес, тек дөң көретінмін. Қазір Аллаға шүкір бәрі керемет. Қыр да бар, аяқ та айқасты", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Жасұлан Базарбаев желіде өз арықтау үрдісінің нәтижесімен бөліскен болатын. Әнші мұнысымен тоқтап қалмай, денесін тағы да қалыпқа келтіретінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973875-bastysy-ozime-raxat-zasulan-bazarbaev-salmaq-tastaganyn-synga-algandarga-zauap-berdi/

pixel