Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алты сағатқа созылды": Айым Сейтметова мұрнына ота жасатты

Опубликовано:

Айым Сейтметова
Айым Сейтметова. Фото: instagram.com/aiymsm

Актриса Айым Сейтметова мұрнына ота жасатқанын хабарлап, оқырмандарына өзінің қазіргі жағдайы туралы айтты. Өнер иесі наркоздан кейін арнайы видеоүндеу жариялап, операцияның қалай өткенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айым Сейтметованың сөзінше, мұрынға арналған тамшылар салдарынан оның тыныс алуында қиындықтар пайда болған. Нәтижесінде актриса дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Ол отаға кірейін деп тұрған сәтінен құшақтасқан видеосын жариялады.

"Достар, мен кеттім. Қазір мына тамшыларды балконнан лақтырып жіберемін", - деді өнер иесі.

Сөзінше, оған дәрігерлердің талабын орындау қиынға түскен. Сейтметова наркоздан кейін екі сағат бойы ұйықтамау керек болған.

Актриса наркоздан кейін есін жиған бойда байланысқа шығып, өз жағдайын айтты.

"Қатты ісініп кеттім. Өмірімде бұлай ісінбеген шығармын. Маған сөйлеу қиын болып тұр. Себебі дәл қазір мен тек аузыммен тыныс алып жатырмын. Аузымда алты сағат бойы мына зат тұрғандықтан менің тамағым ауырып тұр. Тыныс алу, сөйлеу, тамақ ішу, су ішу мен үшін қиын. Мұрным толығымен жабық", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973949-alty-sagatqa-sozyldy-aiym-seitmetova-murnyna-ota-zasatty/

pixel