Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халықтың алдында кешірім сұраймын": Әнші Нұрболат Қанай "Бозторғайым" әніне қатысты дау туралы айтты

Опубликовано:

Нұрболат Қанай
Видеодан кадр: Youtube/Qazaqstan TV

Жастар арасында аса танымал әнші Нұрболат Қанай Ескендір Хасанғалиевтің "Бозторғайым" әнін рұқсатсыз орындағаны үшін композитордың ұлы әрі мұрагері Біржаннан кешірім сұрады. Әншінің айтуынша, қос тарап мәмілеге келіп, арадағы дау сәтті шешілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Нұрболат Қанай Instagram парақшасында хабарлады. Ол өз кінәсін мойындап, Хасанғалиевтің алдына барған. Өнер иесі әнді рұқсатсыз орындағаны үшін кешірім сұраған.

Жұлдыздар татуласып, тіпті алдағы уақытта "Бозторғайдың" екінші нұсқасын бірге шығаруға келісіпті.

"Шу болып кеткен "Бозторғайдың" бүгін нүктесі қойылды. Біржан ағамның алдына барып, кешірім сұрадым. Халықтың алдында да кешірім сұраймын. Біржан аға, әнді рұқсатсыз орындағаныма кешіріп қойыңыз.

Шынымен де бір-екі жерде, бір-екі нотада мен дұрыс айтпаппын. Былай жалпы әнім өтіпті, ағамның жүрегіне жетіпті. Рулас екенбіз. Әңгіменің соңында бұл әннің екінші нұсқасын шығарамыз деп шештік. Алла қаласа, тиісті ноталармен, ережелердің бәрін ұстана отырып шығарамыз. Күтіңіздер", - деді Қанай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974140-xalyqtyn-aldynda-kesirim-suraimyn-ansi-nurbolat-qanai-boztorgaiym-anine-qatysty-dau-turaly-aitty/

pixel