Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұл балаға көбірек қуанады": Жәния Джуринская қазіргі ата-аналарға шүйлікті

Опубликовано:

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Актриса Жәния Джуринская қоғамдағы ер мен әйел арасындағы теңсіздік тақырыбын көтерді. Тұңғышын күтіп жүрген өнер иесі бүгінде қыздан гөрі, ер баланың дүниеге келгеніне қуанатын ата-аналарға шүйліккен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жәния Джуринская отбасында қыз бен ұл баланы бөлетін ата-аналарға қатысты наразылығын Instagram парақшасында білдірді. Ол өз жазбасында аталған мәселе жайында не ойлайтынын айтты.

"Шынымды айтсам, бұл нәрсе менің ашуыма тиеді. Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда қыздан қарағанда, ер баланың дүниеге келгеніне көбірек қуанады. Кешірім сұраймын, бірақ қызға Ұлболсын, Ұлдана, Ұлпан деп есім беретін ата-аналарға таңғаламын. Қызыңды солай атасаң, келесі перзентің ұл болады деген сенім бар. Ал қыздың өзін керексіз адамдай сезініп өсетіні оларды алаңдатпайды да", - деп ағынан жарылды Джуринская.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974211-ul-balaga-kobirek-quanady-zaniya-dzurinskaya-qazirgi-ata-analarga-suilikti/

pixel