Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күресіп жатырмыз": Жол апатына түскен Толқын Забирова өзінің қазіргі жағдайын айтты (видео)

Опубликовано:

Толқын Забирова
Фото: Instagram/tolkynzabirova

Бірер күн бұрын ғана жол апатына түскен Толқын Забирова ауруханадан видео жариялап, жанкүйерлерімен байланысқа шықты. Өнер иесі өзі үшін алаңдаған көпшілікке алғысын жеткізіп, қазіргі жағдайын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Забирова оқырмандарына арнаған видеоүндеуін Instagram парақшасында жариялаған. Эстрада жұлдызы әлі де ауруханада жатқанын айтады. Сөзінше, аяқ-қолы сау, сүйектері сынбаған. Алайда әншінің бас-миы шайқалған.

Өнер иесі көлік жүргізушілеріне жолда барынша сақ болып, жауапкершілікті сезіне білуге шақырды.

"Қайырлы күн, достар. Басыма осындай күн түсіп тұрған кезде менің жанымда қанша жанашырларымның барына, осындай қиын сәтті менімен бірге бөлісіп жатқан жандардың барына менің көзім жетіп отыр. Сіздерге көп рахмет.

Ең бастысы, аяқ-қолым сау, сынған сүйектерім жоқ. Бас-мидың шайқалуы дегенмен күресіп жатырмыз. Алаңдамаңыздар. Ем алып жатырмын. Осы айтқан барлық тілектеріңізді Алла тағала қолдап, еселене түссін. Сіздерге мұндай күн төнбесін деп тілеймін. Ал рөлде отырған жандарға сақ, ұқыпты болыңыздар деп айтқым келеді. Өмірге үлкен жауапкершілікпен қарайық", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Толқын Забированың жол апатына түсіп қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974304-kuresip-zatyrmyz-zol-apatyna-tusken-tolqyn-zabirova-ozinin-qazirgi-zagdaiyn-aitty-video/

pixel