Әнші Тұрар Ыдырыс әкесінің қатаң тәрбиесі туралы айтты
Жарияланған күні:
Жастар арасында 2Rar лақап атымен танымал әнші Тұрар Ыдырыс өзінің балалық шағын есіне алды. Өнерпаз әкесінің қатал тәрбиесін көріп өскенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Тұрар Ыдырыс бала күніндегі шалалығы туралы "TalkLike" бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді. Әкесі оны дер кезінде тоқтатып, бұл әрекеті үшін жазасын берген.
"Әкем мені қатты тәрбиеледі. Кішкентайымнан қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірді. Өзінің ұратын кезінде ұрды. Маған өте үлкен сабақ болған бір оқиға болды. Ауылда өсетін қоға, "гаванна" сынды шөптерді шегетін едік. Түтін шыққанына мәз боп жүретінбіз. 5 сыныпты бітірген кезде 25 мамыр күні балалармен бірге суға түскенбіз.
Жанымда қаладан келген інім бар еді. Оны үйге қуып жібердім. Ол жылап келіп әкеме: "Ол ар жақта "наша" шегіп жүр" деген. Балалармен риза болып келе жаттым, әкем алдымнан күтіп алып, діңкілдетіп ұрып тастады", - деді әнші.
Айтуынша, әкесінің бұл әрекетіне ерегісіп ол жақындарын "өзіме қол жұмсаймын" деп қорқытқан. Десе де, әкесі оны осы үшін қатаң жазалап, екінші рет ондай әрекетті ойламайтындай өмірлік сабақ берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974344-asylyp-olemin-dedim-ansi-turar-ydyrys-akesinin-tarbiesi-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.