Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

HBO "Тақтар ойыны" сериалының жалғасын түсірмек

Опубликовано:

Кит Харингтон "Джон Сноу" рөлінде
Кит Харингтон. Фото: Bighead Littlehead

HBO америкалық ақылы телевизия желісі "Тақтар ойыны" сериалының жалғасын түсірмек, деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

Басылым жазғандай, сериалдың жалғасы телехикаядағы басты кейіпкерлердің бірі Джон Сноу (актер Кит Харингтон сомдайды) туралы болмақ.

Себебі, хикая Джон Сноудың өзінің шын аты-жөнін біліп, жаңа өмір бастау үшін Вестеростан қуылған жерінен аяқталған еді.

Сериалда Джон Сноудың әпкелері Санса және Арья Старк сынды басқа да кейіпкерлер бола ма ол жағы белгісіз.

Сонымен қатар басылым қазір HBO сериалға қатысты жеті жоба әзірлеп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, "Тақтар ойыны" (ағылш. Game of Thrones) - Джордж Р.Р. Мартиннің "Мұз бен от әні" романдар топтамасына негізделген фэнтези жанрындағы америкалық телехикая.

Сериал жарыққа шыға салысымен жоғары сұранысқа ие болды. Ол - қазіргі АҚШ телевизиясындағы бюджеті қомақты және фэнтези жанрындағы ең қымбат жобалардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974594-hbo-taqtar-oiyny-serialynyn-zalgasyn-tusirmek/

pixel