Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қой бағып, барахолкадан киім алатынмын": Ләйлә Сұлтанқызы Шымкентте өткен қызықты күндерді еске алды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy/

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Шымкентте өткен балалық шағын есіне алды. БАҚ өкілі үшінші мегаполистен көшіп кеткеніне 28 жыл болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент күніне орай Instagram парақшасында барша жерлестерін құттықтады. Ол Шымкент қаласындағы өмірі қалай өткенін есіне түсіріп, оқырмандарына айтып берді.

Тележүргізуші бала күнінде қой бағып, сары әулиенің еміне барған.

"Роща перзентханада дүниеге келіп, № 112 мектепке барып, Қайтпаста қой бағып, стадионға Сары әулиенің еміне барып, барахолкасынан киім алып, 47-ші мектептің қызыл аттестатын қолға алып, Шымкенттен кеткеніме тура 28 жыл болыпты. Бүгін қала күні тойлануда. Мереке құтты болсын, жерлестерім", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974827-qoi-bagyp-sary-aulienin-emine-bardym-laila-sultanqyzy-symkenttegi-omiri-zaily-aitty/

pixel