Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасандылық жоқ": Бағлан Әбдірайымов өзін "қартайып кетті" деп сөккендерге жауап берді

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

Әнші Бағлан Әбдірайымов өзінің қартайып кеткенін жарыса жазған көпшілікке жауап берді. Өнер иесі өзге әріптестері секілді түрлі процедураларға жүгінбейтінін кесіп айтты. Сөзінше, бәрі өз уақытымен болған дұрыс, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағлан Әбдірайымов өзінің бет-әлпетіне қатысты айтылған сыни пікірлерге Instagram парақшасында жауап берді.

"Аға, қартайыпсыз, бұрынғыдай емессіз" дейтіндер баршылық. Жалмауыз емеспіз ғой. Әрине жас кездегі жалындаған бейне жанкүйерлердің санасында қалып қойған. Бетті тартпай, көзді ашпай, әжімді жинамай, безеудің үңгірін қаз-қалпында ұстап жүрміз. Не нәрсенің болсын "оригиналы" жақсы емес пе? Бәрі өз уағымен. Жасандылық жоқ. Өмір тамаша! Әр күнің Алланың берген сыйы ғой", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әртіске қолдау білдіріп, кейбірі оның мүлдем қартаймағанын айтты.

"Ел сөйлей береді. Әлі де сол қалпы жассыз", "Дұрыс айтасыз аға. Уақытымен қартайған да дұрыс", "Келіншегіңіздің арқасында қартаймай жүрсіз ғой", "Қанша адам болса, сонша ой, сонша пікір. Бастысы жүрегіңіз қартаймасын", "Өз жасыңыздан тым жас көрінесіз", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975140-zasandylyq-zoq-baglan-abdiraiymov-ozin-qartaiyp-ketti-dep-sokkenderge-zauap-berdi/

pixel