Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолынан бәрі келеді": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сиырды қалай сауу керектігін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Мұқанова
Фото: Instagram/moldir.mt

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі желіде ауылда түсірген видеосын бөлісіп, елдің ыстық ықыласына ие болды. Мөлдір Мұқанова сиыр сауып, көпшілікті таңғалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қабатовтың әйелі аталмыш видеоны Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда басына орамал тартып алған Мөлдір Мұқанованың сиыр сауып жатқанын көруге болады.

Желідегілер оның асқан қарапайымдылығына тәнті болып, оған өз жылы лебізін білдірген.

"Мөлдір жарадың, алуға келіп, келіндер тірлігіне араласқаныңа ризамыз", "Керемет, бала кезім есіме түсіп кетті ғой", "Қандай керемет, сиыр сауу. Ауылдың нағыз күйбең тiрлiгi ауылда ғой шiркiн. Сүт тарту, май шайқау, қаймақ, құрт жаю. Ауылдың табиғаты керемет, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мөлдір ханым, сiзге күшті жарасып тұр", "Мөлдір керемет сиырды сауды", "Жарайсың Мөлдір қолыңнан бәрі келеді тіл көзден сақтасын! Мерейлі, өнегелі, сүттей уйыған бақытты отбасы болып, дәулетті, бай қуатты, татулығы жарасқан ұзақ ғұмыр тілеймін", "Сіз сондай кішіпейіл екенсіз. Көкіректік мүлдем жоқ", - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975143-qolynan-bari-keledi-tursynbek-qabatovtyn-aieli-siyrdy-qalai-sauu-kerektigin-korsetti-video/

pixel