Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Иса Әлимұсаев шаңырақ көтерді (видео)

Опубликовано:

Иса Әлимұсаев
Фото: Instagram/isa_alimussaev

Әнші Иса Әлимұсаев отбасын құрды. Әлеуметтік желіде әртістің үйлену тойынан видеолар жарияланып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Иса Әлимұсаевтың шаңырақ көтергені жайлы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасынан белгілі болды. Жарияланған видеода әнші қалыңдығымен бірге мейрамханаға кіріп келе жатқанын көруге болады.

Айта кетерлігі үйлену тойда әнші Әділет Жауғашар жігіт жолдас қызметін атқарған.

Оған қоса күйеужігіт той барысында сүйіктісін ортаға алып шығып, көпшілік алдында оған ән арнаған.

Иса Әлимұсаевтың өзі де жеке парақшасында дүбірлі шарадан бірқатар видеоны бөлісті. Ол әзірге таңдауы кімге түскенін ашып айтпады.

Желі қолданушылары жас жұбайларды жарыса құттықтап, өз ақ тілегін жолдады.

"Бақытты болыңдар. Күтпеген жаңалық болды", "Шоу-бизнесте бойдақ қалды ма? Бәрі шетінен үйленіп жатыр", "Махаббаттарың баянды болсын", "Шаңырақтарың берік болғай. Бір жастықта қартаюды нәсіп етсін", "Қалыңдығыңыз әдемі екен", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975486-ansi-isa-alimusaev-sanyraq-koterdi-video/

pixel