Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім мені қолдады": Жәния Джуринская жаңа туған қызына қандай есім бергенін айтты

Опубликовано:

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Жақында ғана алғаш рет ана атанған актриса Жәния Джуринская тұңғышына қандай есім бергенін жария етті. Ол өзі бала күнінен армандаған есімді таңдаған. Сөзінше, күйеуі оған бұл тұрғыда қолдау білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жәния Джуринская қызына өз әжесінің есімін берген болып шықты. Ол перзентіне София деген ат қойған.

Алайда қызығы, ерлі-зайыпты шынайы өмірде сәбиін Софи деп атамақ.

"Софи. Бұл есімге жасөспірім кезімнен ғашықпын және қызымды осылай атауды армандадым. Әрі бұл менің әжемнің есімі. Қыз күтіп жүргенімізді білгенде Данияр менің қалауымдағы есімді қолдады. Тек есімнің соңындағы "я" әрпі үшін екеуміз біраз таласқанымыз бар. Мен София, ал ол Софи болғанын қалады. Бірақ босану кезінде менің қалай қиналғанымды көріп, күйеуім мені аяп кетті де, әрең дегенде: "Жарайды, құжатта София болсын, өмірде Софи деп атаймыз", - деп жазды өнер иесі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Жәния Джуринская алғаш рет ана атанып, қызын дүниеге алып келген болатын.

Актриса босану кезіндегі қиындықтарды айтып, сырын ақтарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975502-kuieuim-meni-qoldady-zaniya-dzurinskaya-zana-tugan-qyzyna-qandai-esim-bergenin-aitty/

pixel