"Кетемін деп ойладым": Әнші Саят Медеуов ковидпен ауырған кезін еске алды

Опубликовано:

Саят Медеуов ковидпен ауырған кезін еске алды
Саят Медеуов. Фото: dalanews.kz

Әнші Саят Медеуов әлемді жайлаған коронавирус өзін де айналып өтпегенін айтты. Бұл туралы ол KYN YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Танымал әнші ақпан айында жол апатына ұшырап, аман қалған болатын. Әнші өткен оқиғаларды еске алып, қауіпті індеттен ауыр күйге түскен сәтін баяндады.

"2020 жыл бүкіл әлем үшін ауыр өтті. Сол жылы халықтың елу пайызы қайғыдан қара жамылды десем, артық емес. Бәріміз қиыншылық көрдік. Шыны керек, бұл бір түсініксіз ауру еді. Кімді қалай емдеу керектігін білмей қалдық. 2021 жылы мен де ковидпен ауырдым. Ауруханаға арбамен кіргізді. "Осымен бітті, кетемін" деп ойладым. Менен зор, менен мүмкіндігі жақсы, жағдайы жақсы қанша адам кетіп жатыр. Құдай сақтап, аман қалдым. Құдай бізді тек қуаныштан жылатсын", - деді Медеуов.

Еске сала кетейік, Саят Медеуов 2022 жылдың ақпанында болған жол апатынан екі аяғы, қолдары мен үш қабырғасы сынғанын да айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975718-ketemin-dep-oiladym-ansi-sayat-medeuov-kovidpen-auyrgan-kezin-eske-aldy/

jitsu gif