Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем шарт қойды": Жұлдыз Әбдікәрімова өнер саласына қалай келгенін айтты

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдікәрімова мамандық таңдарда өз жүрегін тыңдағанын айтты. Әкесі алғашқыда оның өнер жолына бет бұруына қарсылығын білдіргенімен, кейіннен өз рұқсатын берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова студенттік кезіндегі жағдайды Instagram парақшасында баяндап берді. Актрисаның әкесі оқуға түсерде оған өз шартын қойған. Ол қызына өзі арман еткен білім ордасына бір рет тапсыруға рұқсат берген.

"Түссең, оқисың. Түсе алмасаң, өнер жолына бармайсың" деп кесіп айтқан әкесі.

Әбдікәрімова өзіне берілген бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланып, нәтижесінде қалаған мамандығы бойынша біліп алып шықты.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-і
Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

"Сөйтіп, әкемнің шарты бойынша, оқуға алғашқы тапсырғаннан-ақ түсіп кеттім. Өзім де таңқалдым. Сол сәттен бастап өзіме, өнеріме сене бастадым. Ешқандай әке-көкесіз, ақша мен байлықсыз арманыңа жетуге болатынын түсіндім. Оқу бітірген соң театрда 6 ай қызмет еттім", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетерлігі, аталмыш колледж қабырғасында Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің болашақ күйеуі Қайрат Нұртаспен танысқан.

Екеуі бір-біріне ғашық болып, дипломын алған бойда көп ұзамай отбасын құрған. Бұдан кейін Әбдікәрімованың актерлік мансабы 10 жылға тоқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976135-akem-sart-qoidy-zuldyz-abdikarimova-oner-salasyna-qalai-kelgenin-aitty/

pixel