Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше фотосессия жасаған Зируза елдің қызу талқысына түсті

Опубликовано:

Зируза
Фото: Instagram/ziruza

Жас әнші Зируза желіде жаңа суреттерін бөлісіп, ел назарын өзіне аударды. Оның жаңа образына қатысты оқырмандардың пікірі екіге бөлінді. Бірі өнерлі бикештің талғамын жоғары бағаласа, енді бірі оны сынға алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Зируза жаңа ерекше образын қалың көпшілікке Instagram парақшасында паш етті. Ол арнайы фото және видео жариялап, ел назарына ұсынған.

Оқырмандардың бір бөлігі оның батыл образына қызығып, өз ой-пікірін бөлісті. Олар аталмыш киім үлгісі әнші аруға жарасып тұрғанын айтып, сымбатына назар аударды.

"Фигураңыз от", "Сені жақсы көремін", "Неткен мінсіз едің", "Мінсіз мүсінді ару. Қуыршақ сияқты", "Ерекшесің", "Талғамың да, өзің де қайталанбас жансың", "Кіп-кішкентай болса да, фигурасы керемет", "Өзіне жарасып тұр", - деп жазуда көпшілік.

Ал желідегілердің тағы бір бөлігі Зирузаны тым ашық образы үшін сынап тастаған.

"Бұл қыз біртіндеп шешіне бастапты", "Кеудесін көрсетіп не болды соншама?", "Ұялмайсың ба?", "Жыл сайын образдары тым ашық болып бара жатыр", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976300-erekse-fotosessiya-zasagan-ziruza-eldin-qyzu-talqysyna-tusti/

pixel