Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген алғаш рет Алматыда жеке концертін бермек

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: dimashnews.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алғаш рет Алматыда жеке концертін бермек. Шара оңтүстік астанадағы Орталық стадионда өтеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Димаш Құдайберген бұл жаңалықты Instagram парақшасында бөлісті.

"Құрметті достар! 2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында "Stranger" атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі - орталық стадионда өтеді", - деп жазды әртіс.

Өнер иесі бұл күнді асыға күткенін жасырмады.

"Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976497-dimas-qudaibergen-algas-ret-almatyda-zeke-koncertin-bermek/

pixel