Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сендей жанды кездестірмедім": Бағлан Әбдірайымов Еркін Нұржановпен достығы жайлы айтты

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов пен Еркін Нұржанов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов өнердегі және өмірдегі досы Еркін Нұржанов жайлы өзінің ойын айтып берді. Ол өзімен бір топта өнер көрсеткен әртіске құрметі ерекше екенін атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағлан Әбдірайымов Instagram парақшасында Еркін Нұржановқа жазба арнап, оның бойындағы асыл қасиеттерін айтты. Ол өмірінде мұндай адамды әлі кездестірмегенін жеткізді.

"Баламыз ғой. "Сен төбелеске, мен музыкаға жауап берем" дегені әлі есімде. Үрлеп, жел беріп, жарға да сала беруші едің ғой мені. Сендей жел беретін жанды одан кейін кездестірмедім. Бір жақсы жері "ИВС" деген құтты жерден өзі шығарып алатын. Досым, бөлексің ғой", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншілердің достығы мен асқан сыйластығына тәнті болып, өз жылы лебізін білдірді.

"Аман болыңыздар, ағалар. Сіздермен мақтанамыз", "Нағыз достар сіздердей болсын", "Топтан кетіп қалса да, достықтары сақталған. Қандай тамаша", "Дуэт айтсаңыздаршы", "Дос емес, бауыр болып кеттіңіздер ғой", "Жарайсыздар, жасай беріңіздер", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976549-sendei-zandy-kezdestirmedim-baglan-abdiraiymov-erkin-nurzanovpen-dostygy-zaily-aitty/

pixel