Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Абай Бегей келіншегін туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей
Фото: Instagram/abai_begei

Отандық танымал әнші Абай Бегей әйелін туған күнімен құтықтап, оған ерекше тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі келіншегін қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Ол балаларымен жиналып, әйелін түнгі он екіде қуантқан. Жұлдызды жанұя тәттілерді алып, туған күн иесіне ән салып берген. Артынан отағасы балаларының анасына үлкен гүл шоғын тарту еткен.

"Фариза, туған күнің құтты болсын! Алла тағала екі дүние бақытын нәсіп еткей", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары құттықтауларын легін жалғастырып, әртістің әйеліне ақ тілегін жолдады.

"Қандай керемет сәт. Бақытты болыңыздар", "Кең пейіліңе рахмет. Осынша баланың көңіліне қарап, солардың бабын тауып, ана орнына ана болып саған Алла тағаллам екі дүние бақытын нәсіп етсін", "Балаларыңыз сондай жақсы көреді әйеліңізді. Қандай тамаша. Көз тимесін сіздерге", "Махаббатыңыз баянды болып, бір жастықта қартайыңыздар", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976775-ansi-abai-begei-kelinsegin-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/

pixel