Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдай Исаева қолаң қара шашын бояп тастады (видео)

Опубликовано:

Айдай Исаева
Фото: Instagram/aiday_issayeva

"Қазақстан аруы - 2013" атанған Айдай Исаева имиджіне өзгеріс енгізіп, елді таңғалдырды. Тележүргізуші көпшілік қызыға қарайтын қолаң қара шашын бояп тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айдай Исаева мұндай қадамға қалай барғанын Instagram парақшасында айтып берді. Қазақстанның ең сұлу аруларының бірі бастапқыда ұзын шашып қиюға бекінген. Алайда шаштараз құрбысы оны бұл райынан қайтарып, тек шашының түсін ғана өзгертуге кеңес берген.

"Шашымды қысқа қылам деп құрбыма барғам ғой. Сөйтсем, Бони қимаймын деп сақтап қалды. Қалай сіздерге", - деп көпшілік пікірін сұрады тележүргізуші.

Айдай Исаева оқырмандарының назарына сұлулық салонындағы видеосын ұсынып, өз өзгерісін көрсетті.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі оған бәрі жарасатынын жазса, басқаларына бұл өзгерісі ұнамай қалған.

"Өзіңіздің түсіңіз жақсы еді немесе сәл ашықтау жасау керек еді. Бұл түс өңіңізді сұрлау қылды", "Жарасып тұр. Сізді сондай ашты", "Айдай ханымға бәрі жарасады", "Керемет. Кейде осындай өзгерістер де пайдалы", "Меніңше, жараспай қалған секілді. Сіздің түсіңіз емес", "Қара шашыңыз жақсы еді. Одан да сәл қысқарту керек еді", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977041-aidai-isaeva-qolan-qara-sasyn-boyap-tastady-video/

pixel