Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тегін концерт қоям": Ләйлә Сұлтанқызы домбыраны үйренуге уәде берді (фото)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қазақстандықтарды домбыра күнімен құттықтап, алдағы уақытта домбыра тартуды үйренетінін жеткізді. Ол оқырмандарына күй тартып беруге уәде етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында ұлттық киімдегі суретін жариялап, домбыра тартуды үйренгісі келетінін айтты.

"Қатты домбыра үйренгім келеді. Сахнада терме, күй тартып, қазақша би билеп, өзімнің нағыз қазақ екеніммен мақтанғым келеді. Әзірге қолымнан келмей жатыр. Келесі жылы дәл осы күні, яғни бүгінгі мереке күні сіздерге тегін концерт қоям тікелей эфирде. Уәде! Кім менімен бірге бастайды? Қол қөтеріңдер, онлайн сабақ ұйымдастыра аламын. Сосын онлайн оркестр құрып жіберерміз? Концерттер қойып, гастрольге шығып, ақша тауып, байып кетерміз", - деп жазды тележүргізуші.

Желі қолданушылары Сұлтанқызының бұл бастамасына қолдау білдіріп, оған жылы лебізін танытты.

"Ләйлә ханым, керемет уәде. Мен де домбыра тартып үйренгім келеді", "Өте сұлусыз. Сізге ұлттық киім өте жарасады", "Ләйлә ханым, бірге үйренейік", "Бұл жақсы бастама болды", "Оқып үйренуге ешқашан кеш емес", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977071-tegin-koncert-qoyam-laila-sultanqyzy-dombyrany-uirenuge-uade-berdi-foto/

pixel