Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анам сақтап қалды": Ерке Есмахан өз есімінің қойылу тарихына қатысты қызықты оқиғаны айтып берді

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Бүгінде қалың көпшілікке танылып, елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген Ерке Есмахан дүниеге келгенде әкесі оған есімі мүлдем басқа есім бермек болған. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан өз есіміне қатысты қызықты оқиға туралы Instagram парақшасында баяндады. Ол өзіне Ерке атын қойған анасына алғысын айтты.

"Есімімді анам қойды. Үлкен әпкемнің аты Гүлбағда, кішісі Венера, екеуін қосып әкем Гүлнера деп қойғысы келген. Анам кенженің атын өзім қоямын деп мені Гүлнерадан сақтап қалды. Маматай, рахмет", - деп жазды ол.

Ерке Есмаханның Stories-і
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Оған қоса, Ерке Есмахан өз мінезіне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі тікмінезділігі бар екенін жасырмады.

"Мінез жағы онша емес. Майысып маска кие алмаймын, ақылға салып бәрін бетке айтамын. Бастысы шынайымын", - деп жауап берді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977279-anam-saqtap-qaldy-erke-esmaxan-oz-esiminin-qoiylu-tarixyna-qatysty-qyzyqty-oqigany-aityp-berdi/

pixel