"Емделіп жатырмын": Индира Еділбаева денсаулығы сыр бергенін айтты
Опубликовано:

Әнші Индира Еділбаева денсаулығы нашарлап, бүгінде емделіп жатқанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, денсаулығы жаз басталғалы сыр берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Көптен бері ел алдында да, желіде де көрінбей кеткен Индира Еділбева жанкүйерлерімен байланысқа шығып, өз жағдайын бөлісті. Әнші бүгінде қатты сырқаттанып қалғанын айтты.
"Үйде жатып емделіп жатырмын. Шамам осында отырып сұрақтарға жауап беруге ғана жетіп отыр", - деп жазды әртіс.

Әншінің сөзінше, желідегі белсенділігі де денсаулығына байланысты төмендеп кеткен. Индира барынша емделуге тырысып жатқанын жеткізді.
"Жаз мен үшін осылай ауыр басталды. Емделгім келеді. Қажетті анализдерді тапсырып, денсаулықты қолға алу керек. Бұлай болмас", - деді ол.
Желідегілер әншіге тез сауығып кетуін тілеп, одан жаңа әндер күтетінін жазуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977330-emdelip-zatyrmyn-indira-edilbaeva-densaulygy-syr-bergenin-aitty/