Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Шахизада бала-шағасымен Мысырда демалуда (фото, видео)

Опубликовано:

Шахизада отбасымен
Фото: Instagram/shahizada.art

Әнші Шахизада Байбатжанова өнердегі әріптестерінен қалыспай, отбасымен бірге шетелге аттанды. Жұлдызды жанұя бүгінде Мысыр елінде керемет демалыс өткізуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шахизада Байбатжанова бұл саяхатына ұлы мен келінімен бірге барған. Олар ыстық мекендегі күндері қалай өтіп жатқанын Instagram желісінде көрсетті.

Әнші демалысынан түрлі фото мен видео жариялап, жанкүйерлерінің назарына ұсынған.

Жұлдызды жанұя Қызыл теңізде шомылып, тарихи Каир қаласын аралап шыққан. Олар әлемнің жеті кереметінің бірі саналатын әйгілі пирамидаларды көріп қайтқан.

Желі қолданушылары әншінің отбасына жақсы демалыс тілеп, өз жылы лебізін білдірген.

"Керемет. Өмір сіздердікі", "Демалыстарыңыз ойдағыдай өтсін", "Бала-шағамен әлемді аралауға не жетсін", "Қандай күшті фотолар. Бізге де осындай саяхат бұйырсын", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, бүгінде бірқатар өнер жұлдызы шетелде демалып жатыр. Олардың арасында Нұрболат Абдуллин де бар. Өнер иесі отбасымен Черногория еліне аттанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977556-ansi-saxizada-bala-sagasymen-mysyrda-demaluda-foto-video/

pixel