Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсіндірмеймін": Әлішер Кәрімов Нұр-Сұлтанда жоспарланған концертін өткізуден бас тартты

Опубликовано:

Әлішер Кәрімов
Фото: Instagram/alisher_k

Әнші Әлішер Кәрімов Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған концертінің өтпейтінін хабарлады. 31 шілде өтуі тиіс болған шараға билеттер сатылып үлгерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлішер Кәрімова бұл туралы Instagram парақшасында хабарлады. Алайда эстрада жұлдызы концертінің өтпеу себебін түсіндірмеді.

"Құрметті менің тыңдармандарым, достарым, бәрі-бәрі! Сіздерге айтқым келетіні, 31 шілде күнгі концерт болмайды. Түсіндірмеймін. Тек мені түсінгендеріңізді қалаймын. Маған үзіліс керек", - деп бөлісті әнші.

Әлішер Кәрімов билеттердің ақшасы кері қайтарылатынын жеткізді.

Айта кетейік, биыл Димаш Құдайберген Алматы қаласында алғаш рет жеке концертін бермек. Ол оңтүстік астаналық жанкүйерлерімен 23 қыркүйекте кездеспек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977590-tusingenderinizdi-qalaimyn-aliser-karimov-nur-sultanda-zosparlangan-koncertin-otkizuden-bas-tartty/

pixel