Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұқтаждықтан келдім": Мөлдір Әуелбекова жеке кәсібі туралы айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова жеке кәсіпкерлікке қалай келгенін ашып айтты. Бүгінде өнер иесінің өз киім дүкені бар. Бизнестің бұл түрімен айналысуына оны мұқтаждық итермелеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мөлдір Әуелбекова қазіргі уақытта орамалды аруларға арналған сәнді киім сатады. Әнші өзі де орамал тағып, жабық киіне бастаған кезде өзіне қолайлы киім таба алмай қиналған. Сол себепті өзінің жеке дүкенін ашуды ұйғарған.

"Киім тігіп, кәсіппен айналысамын деген ой үш ұйықтасам түсіме де кірмеген. Бұл мұқтаждықтан туған нәрсе. Орамал киген соң, киім тапшылығын көрдім. Өзіме ұнайтын, көңілімнен шығатын, заманауи тұрғыдағы қазақы киім таппадым.

Уақыт өте келе әртүрлі ательелерге киім тіктіре бастадым. Оның барлығын халық менен сұрай бастады. Сұраныс көп болғандықтан, неге өзім киіп жүрген киімдерді халыққа ұсынбасқа деп ойладым. Осылайша үлкен цех ашылды", - деп ағынан жарылды әртіс "1001 түн" бағдарламасында.

Оған қоса әнші өзі продюсерлік еткен "Назар" тобына қатысты пікір білдірді. Белгілі болғандай, аталмыш ұжымдағы қыздар карантин кезінде тұрмыс құрып кеткен.

Сөзінше, алдағы уақытта жаңа құрам мүшелерін іздеп, бекіту ойда жоқ. Бүгінде өнерін, кәсібін, отбасылық өмірін қатар алып жүрген Әуелбекова топқа продюсерлік етуге уақыты жоқ екенін ашық айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы жан сырын ақтарған болатын.

Сондай-ақ әнші ашық образдағы бейнебаяндарына қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977594-muqtazdyqtan-keldim-moldir-auelbekova-zeke-kasibi-turaly-aitty/

pixel