Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірге дүкен аралаған Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Жұлдыз бен Қайрат
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да ел талқысына түсті. Оған ерлі-зайыптының жариялаған жаңа видеолары себеп болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталмыш бейнежазбаларды Қайрат пен Жұлдыз Instagram желісінде бөліскен. Онда ерлі-зайыптының бірге дүкен аралап, аяқ киім таңдап жүргенін көруге болады.

Қос ғашықтың бірге уақыт өткізіп жүргеніне риза болған көпшілік оларға жылы лебізін білдіріп, түрлі пікір қалдыруда.

Оған қоса оқырмандар арасында сын айтушылар да болды. Олар Жұлдыз Әбдікәрімованы киімі үшін сөккен.

"Ғашықтар", "Екеуі әлі қыз бен жігіт секілді", "Қайрат келіншегіне қатты ғашық болып жатқан сияқты", "Балаларының анасын неге сүймеске", "Жұлдыз іші ашық киім кигенің дұрыс болмады", "Белінің ашық тұрғанын жауып жүр ғой барынша, Қайрат ондайды ұнатайды", "Екеуін бірге көруе сондай бақыт. Махаббаттарыңыз баянды болсын. Балаларыңыздың қызығын көре беріңіздер", "Тағы да қосылды ма? Енді нақты бірге шығарсыздар?", "Бұдан кейін айырылысыпаңыздар", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, соңғы уақытта Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы қызу талқыланып, елді алаңдатуда. Бірі ерлі-зайыптының айырылысып кеткенін айтса, енді бірі олардың бірге екенін жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977777-birge-duken-aralagan-qairat-nurtas-pen-zuldyz-abdikarimova-qyzu-talqyga-tusti-video/