Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт ұлдан кейінгі жалғыз қыз": Ернар Айдар туған қарындасын ұзатпақ (фото)

Опубликовано:

Ернар Айдар қарындасымен
Фото: Instagram/ernaraidar_kz

Әнші Ернар Айдардың отбасында қуанышты жағдай. Өнер иесінің жалғыз қарындасы Жазира алдағы уақытта қазақи дәстүр бойынша ұзатылмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қуанышты хабарды қалыңдықтың жұлдызды ағасы Instagram парақшасында бөліскен. Ернар Айдар қарындасына құда түсіп, ұзатуға қызу дайындық басталып кеткенін хабарлады.

Жалғыз қарындасын ұзатқалы жатқан әнші оған деген қимастығын өлең жолдарымен жеткізген.

Оған қоса ол қарындасымен сырға салу күні түскен суретін жариялады.

"Жол мұраты жету - қыз мұраты кету. Төрт ұлдан кейінгі жалғыз қыз, Жазира қарындасыма бүгін сырға салынды. Алла қаласа бұл бастамасы, үлкен той алда!

Сен ұяңнан ұшатұғын кезде мен. Күйге түстім бұрын соңды сезбеген. Қарындасым жүректегі сезімді, Жеткізе алмай қиналдым ау сөзбенен.

Жазока жаным бақытты болыңдар. Алла тіл-көзден сақтасын, бар жақсылықты тілеймін. Құрбан айт мерекесі баршаңызға құтты болсын, ел тыныш жұрт аман болсын. Шаңырақтарыңызда той болсын. Келін түсіріп, қыз ұзатыңыздар", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977828-tort-uldan-keiingi-zalgyz-qyz-ernar-aidar-tugan-qaryndasyn-uzatpaq-foto/

pixel