Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйқысыз түндер басталды": Түркияға кеткен Алуа Қонарова сырқаттанып қалғанын айтты

Опубликовано:

Алуа Қонарова айнаға қарап тұр
Фото: Instagram/aluakonarova

Түркияға ұшып кеткен Алуа Қонарова жағдайы нашарлап, ауырып қалғанын айтты. Белгілі продюсердің сөзінше, ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткенімен дертінің белгілері COVID-19-ға ұқсас, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алуа Қонарова сырқаттанып қалғаны туралы Instagram парақшасында хабарлады. Ол оқырмандарына өзінің қазіргі жағдайын айтты.

"Сәлем, ковид! Мен сені "сонша күттім". Жоқ, шын мәнінде ПТР сынамам теріс нәтиже көрсетті. Бірақ дәрігерлер қан анализдері мен өкпе рентгеніне қарап, менің дертім коронавирусқа ұқсайды деп айтып отыр. Бүгін бір секунд та ұйықтамадым. Ұйқысыз түндер басталды.

Алуа Қонарованың Stories-i
Скриншот: Instagram/ aluakonarova

Түркияда Байрам он күн бойы жалғасады. Соған байланысты қала орталығындағы дәріхана ғана жұмыс істейді. Мына ыстықта ауырып тұрып ол жаққа бару мүмкін емес. Маған екі антибиотик, вирусқа қарсы дәрі, витаминдер жазып беді", - деп бөлісті Қонарова.

Желі қолданушылары продюсерге қолдау білдіріп, оның тез сауығып кетуін тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977838-uiqysyz-tunder-bastaldy-turkiyaga-ketken-alua-qonarova-syrqattanyp-qalganyn-aitty/

pixel