Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова үйлену тойынан ерекше суреттерді жариялады (фото)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова мұрағаттық фотоларын бөлісіп, қалың көпшілікті қуантты. Ол оқырмандарына тіпті өз үйлену тойының кадрларын да көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше отбасылық суреттерді Instagram парақшасында жариялаған. Өнер иесі барша аудиториясына бақытты сәттерін көрсетіп, бұрын-соңды еш жерге шықпаған кадрларды бөлісті.

Фотолардың бірінде актрисаның әжесімен бірге тұрғанын көруге болады.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-і
Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Оған қоса Әбдікәрімова Қайрат Нұртас екеуінің үйлену тойынан эксклюзивті кадрларды жария етті.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-і
Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Cондай-ақ актриса алғаш ана атанған кезінен де фото жүтеді.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-і
Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Айта кетейік, бұған дейін желіде Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы тарап, елдің қызу талқысына түскен болатын. Бейнежазбада ерлі-зайыпты дүкен аралап жүргенін көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977998-zuldyz-abdikarimova-uilenu-toiynan-erekse-suretterdi-zariyalady-foto/

pixel