Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоныс тойға шақырамын": Меруерт Түсіпбаева жаңа үй сатып алғанын хабарлады

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде қуанышты жаңалығын бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. Өнер иесі жаңа пәтер сатып алғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл жаңалығын әртіс Instagram желісінде жария етті. Ол жаңа үйінің видеосын жариялап, алдағы уақытта бір оқырманын қоныс тойына шақыруға уәде етті.

"Ал, сүйінші. Мен үй алдым. Ең жақсы тілек жазған оқырманымды қоныс тойға шақырамын", - деп жазды Түсіпбаева.

Желі қолданушылары әншіні жарыса құттықтап, оған ақ тілегін білдіріп жатыр.

"Құттықтаймын. Үйіңіз шаттық пен берекеге толсын, тек жақсылық болсын", "Өмір жолында жақсыны да жаманды да көрдіңіз, ендігі өміріңіз жақсылыққа, берекеге, қуанышқа толы болсын", "Қоныс құтты болсын. Сіз үшін қуаныштымыз. Әбден лайықсыз", "Осы үйге келін түсіріп, үлкен той көріңіз", "Құттықтаймыз. Іші қызыққа толсын, ал бізге жұғысты болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978162-qonys-toiga-saqyramyn-meruert-tusipbaeva-zana-ui-satyp-alganyn-xabarlady/

pixel