Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол көшбасшы": Тележүргізуші Айгүл Мүкей күйеуі туралы айтты

Опубликовано:

Айгүл Мүкей
Фото: Instagram/aigulmukei

Тележүргізуші Айгүл Мүкей отбасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғап, өз күйеуін сипаттап берді. Оған қоса БАҚ өкілі оқырмандарына пластикалық отаның қандай түріне жүгінгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Мүкей Instagram парақшасында өз жанұясы жайлы ашыла айтып, отбасылық бақыттың құпиясын бөлісті.

"Кейде отбасымда мен үшін қиынға соғатын жағдайлар болады. Мен табиғатымнан көшбасшы адаммын. Бәрі менің айтқанымды істегенге үйреніп алғанмын. Күйеуім де көшбасшы, нағыз оңтүстіктің азаматы. Ол мені сыйлап, сөзіме құлақ асады. Бірақ бәрібір билік өзінде болғанын қалайды. Қыздар, даналық танытайық.

Жұмыста біз қанша жерден басшы әрі мықты маман болсақ та, үйде адал жармыз. Оны дұрыс түсіне білу керек. Исламда адал жар деген қор болған дегенді емес, адамды сыйлай білетін данагөй дегенді білдіреді. Айтуға оңай, әрине. Сондай болуға күнде тырысып жүрміз", - деп жазды ол.

Сонымен қатар Айгүл Мүкей блефаропластика туралы сұраққа жауап берді.

"Жоқ, көзіме жасатқан жоқпын. Бетім де жақсы. Мен тек платизмопластика (мойынның бұлшық еттерін тартқыздым) жасаттым. Оны косметология арқылы қалыпқа келтіру қиын", - деді тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978185-ol-kosbassy-telezurgizusi-aigul-mukei-kuieui-turaly-aitty/

pixel