Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұрауды ұзақ жылдар бойы үйрендім": Тамара Асар өмір жайлы өз ой-толғауын айтты

Опубликовано:

Тамара Асар
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Әнші Тамара Асар желіде әсерлі жазба жариялап, өмір жайлы өз ой-толғауымен бөлісті. Өнер иесі ата-анасынан алған тәрбиесі туралы сөз қозғады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тамара Асар әкесінен бәрін кешіре білуді, ал анасынан барға қанағат етуді үйренген. Эстрада жұлдызы өмір жолында қолданып келе жатқан үш қағиданы бөлісті.

"Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады. Шүкір. Жалпы отыра қалып ақыл айтудан алыспын. Бірақ шүкір етіп, өзімнің кішігірім пікіріммен бөлісіп қояйын. "Сіз үшін Өмір неден құралады?" десе, айтар едім: Өмір үш қағидаға ететін еңбектен құралады екен. Кеше білу, сұрай білу және қанағат ете білу

Бәрін кешуді әкем үйретті. Кешуді толықтай түсіну үшін, қабылдау үшін үлкен тәжірибелерден өттім. Еңбектедім, еңбектендім. Сұрауды ұзақ жылдар бойы үйрендім. Оның да еңбегі мен еңбектеуі аз болмады. Сұрадым. Берді. Бергенінің аз-көбіне қарамай қанағат қылуды анам үйретті. Қанағатқа шындап, еңбектеп қол жайсаң, қолың құр қайтпайды екен. Қанағат маған "шүкір" деген сиқырлы-емдік сөз үйретті", - деп жазды әртіс Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978190-suraudy-uzaq-zyldar-boiy-uirendim-tamara-asar-omir-zaily-oz-oi-tolgauyn-aitty/

pixel