Танымал ресейлік музыкант Қазақстанның көрікті жеріне жасаған саяхаты туралы айтып берді
Опубликовано:

Ресейлік "Машина времени" тобының жетекшісі, 68 жастағы танымал музыкант Андрей Макаревич Қазақстанға жасаған сапары туралы айтып берді. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Екі бөлімнен тұратын сапардан оралдым. Алдымен Қазақстандағы Балқаш көлі мен Іле өзеніне бардым. Алматы қаласынан жеті сағат автокөлікпен жеттік. Соңғы 60 шақырым - табиғи Кэмэл трофи. Ағынды өзен, ерекше мөлдір су, білікті қорықшылар, демалыс орнының жақсы қожайыны, көптеген балық. Мен бұрын-соңды жыланның басын олжа ретінде көрген емеспін-бұл дәмді нәрсе екен.
Сол жерден Мальдивке, Шувамула аралына аттандық. Ең рахаты - екі сапарымда да интернет дұрыс істемеді, сол үшін телефон көп қолданбадым. Оны сөмкеме салып қойып, миымды демалдырдым... Барлығы жақсы болды", - деді музыкант.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978255-tanymal-reseilik-muzykant-qazaqstannyn-korikti-zerine-zasagan-sayaxaty-turaly-aityp-berdi/