Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіт пен Аиша Назиманы үйінде қонақ етті (видео)

Опубликовано:

Аиша мен Бүркіт
Фото: Instagram/berkut_aibekjan

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша өнердегі әріптесі Назима Жәнібекованы өз үйінде қонақ етті. Әртістер көңілді отырыстың кадрларын әлеуметтік желіде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүркіт өз парақшасында бүгінде Ресейді бағындырып жүрген әнші арудың видеосын жариялап қойған.

"Біздің үйге қонаққа кім келіп қалды?", - деді видеода ол.

Аиша сыйлы қонағына үлкен дастархан жайып, құрмет көрсеткен. Жұлдыздар ауқаттанып, сыр шертіскен. Олардың көңілді отырғанын видеодан көруге болады.

Назима отырыстан керемет көңіл-күймен қайтқан. Ол Бүркіт пен Аишаға қонақжайлығы үшін алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978629-burkit-pen-aisa-nazimany-oz-uiinde-qonaq-etti-video/

pixel