Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балам екеуіміздің арманымыз орындалды": Димаш Ғазизхан Шекербековтың ұлымен кездесті (видео)

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков
Видеодан кадр: Youtube/TalkLike

Әнші Ғазизхан Шекербеков ұлының арманын орындап, оны қатты қуантқан. Өнер иесі перзентіне сүйікті әртісі Димаш Құдайбергенмен кездесу ұйымдастырып берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ғазизхан Шекербеков Instagram парақшасында Димаш пен ұлының кездесуінен видеоны бөліскен. Эстрада жұлдызы баласының қандай әсерде болатынын көргісі келген.

"Қазақтың мақтанышы Димаш Құдайбергенмен ұлым Димаш Жандарбектің алғашқы кездесуі. Ұлым Димаштың өнерінің фанаты. Өмірде екеуін кездестіріп, баламның бақытты эмоциясын көргім келетін еді. Ұлым екеуіміздің де арманымыз орындалды. Димаш, мың жаса, көп рақмет", - деп жазды ол.

Бейнежазбадан бүлдіршіннің қатты таңғалып қалғанын байқауға болады. Димаш балақайды бірден құшағына басып, көтеріп алды. Олардың кездесуі музыкалық студияда өткен.

Желі қолданушылары әсерлі сәтке тәнті болып, өз жылы лебізін білдірген.

"Димаш ағасының жолын берсін, жолы ашық, болашағы жарқын үлкен ер азамат болсын", "Бақыт деген осы емес пе?", "Қандай керемет! Ал сіздің ұлыңыздың Димашты көргендегі қуанышты жүзі өте сүйкімді", "Өте әсерлі сәт екен. Балақай мұндай тосынсыйды күтпей, ұялып қалды ғой", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978631-balam-ekeuimizdin-armanymyz-oryndaldy-dimas-gazizxan-sekerbekovtyn-ulymen-kezdesti-video/

pixel