Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Айқын келіншегіне ерекше сыйлық жасады (видео)

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Әнші Айқын Төлепберген әйелі Жұлдыз Өмірғалиге ерекше сый жасап, оны қуантты. Өнер иесі келіншегінің көлігіне қымбат әрі әдемі нөмір әперген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айқын Төлепберген балаларының анасына жасаған сыйлығы туралы Instagram парақшасында жария етті. Ол тіпті арнайы видеоны да бөліскен. Онда әртістің су жаңа көлікке ерекше нөмірді орнатып жатқанын көруге болады.

"Жұлдызға номер алып бердім! Бірақ бұл машинамен өзім жүрем. Себебі, бала-шағаны тасығанға Лексустің LX-і ыңғайлы. Ал мен жасарып, қалада дырылдатып жүремін! Құттықтап қойып, лайк басып қойыңыздар", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жұлдызды жұп үшін қуанып, оларға жылы лебізін білдірді.

"Жарайсыз. Үй де, көлік те, енді міне нөмір де алып беріп жатырсыз", "Жұлдызда арман жоқ шығар. Қолдан келгенше бәрін жасап, қуантып жүрсіз", "Керемет сый. Құтты болсын", "Мынадай нөмір өте қымбат түрса керек", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978904-ansi-aiqyn-kelinsegine-erekse-syilyq-zasady-video/

pixel